Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 1 (бір) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің "7" шілдедегі 2020 жылғы № 171 қаулысына қосымша |
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемдері
№ | Жер пайдаланушылар атауы | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | ||||||
ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | |||||||
егістік | оның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | ||||
суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Құркелес ауылдық округі | 2,6112 | 1,0814 | 0,8884 | 0,8884 | - | - | 0,193 |
2 | Қызылжар ауылдық округі | 1,0512 | 0,182 | 0 | 0 | - | - | 0,182 |
3 | Қабланбек ауылдық округі | 1,4534 | 0,6556 | 0,6384 | 0,6384 | - | - | 0,0172 |
4 | Жібекжолы ауылдық округі | 0,5582 | 0,1050 | - | - | - | - | 0,1050 |
5 | Дербісек ауылдық округі | 0,0195 | 0,0195 | - | - | - | - | 0,0195 |
6 | Жемісті ауылдық округі | 1,0225 | 0,5948 | - | - | - | - | 0,5948 |
7 | Ақжар ауылдық округі | 1,3472 | - | - | - | - | - | |
8 | Сарыағаш ауданы бойынша | 8,0632 | 2,6383 | 1,5268 | 1,5268 | - | - | 1,1115 |
кестенің жалғасы
соның ішінде: | |||||
өзге жерлер | елдi мекендердiң жерi | елді мекеннің мал жайылым жері | ортақ пайдаланудағы жерлер (жолдар, көшелер және алаңдар) | су қорының жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
0 | 1,5298 | - | - | - | - |
0,018 | 0,7519 | - | 0,0993 | - | - |
0,0164 | 0,7814 | - | - | - | - |
0,0194 | 0,4338 | - | - | - | - |
- | - | - | - | - | - |
- | 0,4277 | - | - | - | - |
- | 1,3472 | - | - | - | - |
0,0538 | 5,2718 | - | 0,0993 | - | - |