"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар аудан әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 74 "Отырар ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4574 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 мамырда "Отырар алқабы" газетінде және 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан акімі | А. Жунисов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы____________Р.Ибрагимов
2019 жыл "___"__________
| Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына қосымша |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырымы | Жалпы ұзындығы, шақырымы |
1 | КХОR-1 | Шәуілдір ауылының сыртқы айналма жолы | 0-2,5 | 2,5 |
2 | КХОR-2 | Аққұм ауылына кіреберіс | 0-3 | 3 |
3 | КХОR-3 | Ақкөл елді мекеніне кіреберіс | 0-3 | 3 |
4 | КХОR-4 | Балтакөл-Үштам | 0-0,65 | 0,65 |
5 | КХОR-5 | Маяқұм-Бестам | 0-3 | 3 |
6 | КХОR-6 | Маяқұм ауылының сыртқы айналма жолы | 0-3,1 | 3,1 |
7 | КХОR-7 | Маяқұм-Қостерек | 0-8 | 8 |
8 | КХОR-8 | Шеңгелді елді мекеніне кіреберіс | 0-3,2 | 3,2 |
9 | КХОR-9 | Көксарай-Жанкел | 0-12 | 12 |
10 | КХОR-10 | Көксарай-Ызакөл | 0-5,5 | 5,5 |
11 | КХОR-11 | Ақтөбе-Шілік | 0-9 | 9 |
12 | КХОR-12 | Ш.Қалдаяқов ауылына кіреберіс | 0-1,8 | 1,8 |
13 | КХОR-13 | Бестораңғыл елді мекеніне кіреберіс | 0-1,3 | 1,3 |
14 | КХОR-14 | Сырдария елді мекеніне кіреберіс | 0-0,5 | 0,5 |
15 | КХОR-15 | Арыс елді мекеніне кіреберіс | 0-6,2 | 6,2 |
16 | КХОR-16 | станция Қарақоңыр | 0-0,7 | 0,7 |
17 | КХОR-17 | Қостүйін теміржол бекеті | 0-2 | 2 |
18 | КХОR-18 | Арыс ауылына және М.Шойманов елді мекеніне кіреберіс | 0-3 | 3 |
19 | КХОR-19 | Шәуілдір-Көкмардан | 0-4,3 | 4,3 |
20 | КХОR-20 | Мыңшұқыр елді мекеніне кіреберіс | 0-4 | 4 |
21 | КХОR-21 | Ақшоқат теміржол бекеті | 0-6 | 6 |
22 | КХОR-22 | Ұзынқұдық теміржол бекеті | 0-8 | 8 |
23 | КХОR-23 | станция Отырабат | 0-8 | 8 |
24 | КХОR-24 | 37 разъезд | 0-3 | 3 |
25 | КХОR-25 | Арыстанбаб кесенесіне кіреберіс | 0-4,2 | 4,2 |
26 | КХОR-26 | Қарғалы елді мекеніне кіреберіс | 0-2 | 2 |
27 | КХОR-27 | Отырар қалашыққа кіреберіс | 0-1,7 | 1,7 |
Отырар ауданындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 109,65 | |||