Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 01.08.2023 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 "Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 тіркелген, 2017 жылғы 9 қыркүйекте "Ордабасы оттары" газетінің № 39 санында және 2017 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1 тармағындағы "белгіленсін" сөзі "айқындалсын" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
| Ордабасы ауданы Әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 652 қаулысына қосымша |
Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Ауыл округінің атауы | Орналасқан орны |
1 | Қараспан ауыл округі | Қараспан елді мекені, С.Байболатов және Ш.Бимырза көшелерінің қиылысы |
2 | Бөржар ауыл округі | Ұялыжар елді мекені, Төлеби және Ж.Жабаев көшелерінің қиылысы |
3 | Жеңіс ауыл округі | Жеңіс елді мекені, С.Қожанов көшесінің бойы |
4 | Бөген ауыл округі | Бөген елді мекені, Б.Кенжебаев көшесінің бойындағы "Жетібай А" наубайханасы мен "Қарабала" шаруақожалығы ғимаратының арасы |
5 | Бадам ауыл округі | Бадам елді мекені, Т.Қабылұлы көшесінің бойы |
6 | Төрткүл ауыл округі | Төрткүл елді мекені, Самара –Шымкент М-32 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы |
7 | Шұбар ауыл округі | Шұбар елді мекені, Райымбек батыр көшесінің бойы |
8 | Қарақұм ауыл округі | Қарақұм елді мекені, Қажымұқан және М.Маметова көшелерінің қиылысы |
9 | Шұбарсу ауыл округі | Шұбарсу елді мекені, Д.Қонаев көшесінің бойы |
10 | Қажымұхан ауыл округі | Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесінің бойы |