Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.03.2024 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 05-01-04/984 ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Түркістан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 182 "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4176 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылдың 8 тамызында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
| Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
| Ә.Е. Тұрғымбеков | |
| Ж.Е. Аманбаев | |
| С.А. Қалқаманов | |
| М.И. Мырзалиев | |
| Ұ.Қ. Тәжібаев | |
| А.А. Абдуллаев | |
| А.Б. Тасыбаев |
"Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"______ №____қаулысына
| Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "12" наурыздағы № 57 қаулысына қосымша |
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 26.01.2023 № 13 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Аудан, қала атауы | карантинді обьектілер атауы | ||||||||
зиянкестер | аурулар | арамшөптер | ||||||||
шығыс жеміс жемірі, гектар | калифорния қалқанша сымыры, гектар | оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, гектар | қауын шыбыны, гектар | жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, гектар | қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы, гектар | қызанақтың дақты солу вирусы, гектар | жатаған у кекіре, гектар | арамсояу, гектар | ||
1 | Арыс | 1048 | 669 | 120 | ||||||
2 | Кентау | 177 | 0,31 | 0,44 | ||||||
3 | Бәйдібек | 178,96 | 5 | |||||||
4 | Қазығұрт | 365,65 | 112,07 | |||||||
5 | Жетісай | 856 | 7,3 | |||||||
6 | Мақтаарал | 1563,44 | 3 | 9,45 | ||||||
7 | Ордабасы | 6 | 500 | 34,2 | ||||||
8 | Отырар | 661 | 40 | 6,03 | ||||||
9 | Сайрам | 10,03 | ||||||||
10 | Сарыағаш | 10,35 | 3 | 248,7 | 42,8 | |||||
11 | Сауран | 1,63 | 42 | 125 | 2,4 | |||||
12 | Созақ | 192 | ||||||||
13 | Келес | 3,3 | 36 | 35 | 73,473 | |||||
14 | Төлеби | 48 | 23 | 1 | 90,64 | 172,205 | ||||
15 | Түлкібас | 116 | 7,5 | |||||||
16 | Шардара | 396 | 1920 | 110 | ||||||
Жиыны: | 48 | 23 | 21,28 | 4779,44 | 1 | 3 | 3 | 4481,26 | 712,898 | |