Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
19-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
Қағидаларының 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Д. Омарова |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р. Нурмуканова |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
р/с № | Атаулы күндері мен мереке күндері | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі |
1 | 15 ақпан – "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингетінің шығарылған күні" | Жылына бір рет |
2 | 8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні" | Жылына бір рет |
3 | 26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні" | Жылына бір рет |
4 | 7 мамыр – "Отан қорғаушы күні" | Жылына бір рет |
5 | 9 мамыр – "Жеңіс күні" | Жылына бір рет |
6 | 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні" | Жылына бір рет |
7 | 30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" | Жылына бір рет |