Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылы халқының пікірін ескере отырып, Рассвет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Рассвет ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Бейбітшілік көшесі;
№ 2 көшеге - Астана көшесі;
№ 3 көшеге - Мағжан Жұмабаев көшесі;
№ 4 көшеге - Қожаберген жырау көшесі;
№ 5 көшеге - Қазақстан Конституциясы көшесі;
№ 6 көшеге - Жеңіс көшесі;
№ 7 көшеге - Бірлік көшесі;
№ 8 көшеге - Орталық көшесі;
№ 9 көшеге - Алаш көшесі;
№ 10 көшеге -Шапағат көшесі;
№ 11 көшеге - Шоқан Уәлиханов көшесі;
№ 12 көшеге - Желтоқсан көшесі;
№ 13 көшеге - Сегіз сері көшесі;
№ 14 көшеге - Қарағайлы көшесі;
№ 15 көшеге - Сәбит Мұқанов көшесі;
№ 16 көшеге - Құлагер көшесі;
№ 17 көшеге -Достық көшесі;
№ 18 көшеге -Жас өркен көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің әкімі |
А. Шайменов |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 ақпаны № 7 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Рассвет ауылындағы атауы жоқ көшелерге атаулар беру туралы схемалық карта

