Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Кривоозерка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Петерфельд ауылдық округі әкімінің міндет атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округінің Кривоозерка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көше - Алаш көшесі;
№ 2 атауы жоқ көше– Жеңіс көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
К.Имамутдинова |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 11 шешіміне қосымша |
Петерфельд ауылдық округінің Кривоозерка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы схемалық карта

Петерфельд ауылдық округі әкімінің міндет атқарушысы Қ.Имамутдинова
