Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Малое Белое ауылы халқының пікірін ескере отырып, Асаново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымша берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің Малое Белое ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көше – Шоқан Уәлиханов көшесі;
№ 2 атауы жоқ көше - Достық көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі |
С.Казеев |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар ауданы Асаново | |
| ауылдық округі әкімінің | |
| 2020 жылғы 6 қарашасы | |
| № 30 шешіміне | |
| қосымша |
Асаново ауылдық округінің Малое Белое ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы схемалық карта

| Асаново ауылдық округінің әкімі | С.Қазеев |
