Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Плоское ауылы халқының пікірін ескере отырып, Асаново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымша берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің Плоское ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№1 атауы жоқ көше – Ерлік көшесі;
№2 атауы жоқ көше - Орталық көшесі;
№3 атауы жоқ көше - Мағжан Жұмабаев көшесі;
№4 атауы жоқ көше – Бірлік көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі |
С.Казеев |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар ауданы Асаново | |
| ауылдық округі әкімінің | |
| 2020 жылғы 3 қарашасы | |
| № 28 шешіміне | |
| қосымша |
Асаново ауылдық округінің Плоское ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы схемалық карта

| Асаново ауылдық округінің әкімі | С.Қазеев |
