Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2020 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 189 қаулысына (2020 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрінде эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6450 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
| Солтүстік Қазақстан | |
| облысы әкімдігінің | |
| 2020 жылғы 29 желтоқсандағы | |
| № 351 қаулысына | |
| қосымша | |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| әкімдігінің 2020 жылғы | |
| "15" шілдедегі № 189 қаулысына | |
| 2-қосымша |
2020 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдері
№ | Облыс атауы | Субсидия көлемі, теңге |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы | 12 862 357 400,00 |
Барлығы | 12 862 357 400,00 |