Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, "Карантинді алып тастау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 01-04/1163 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты мына елді мекендерде карантин тоқтатылсын:
Қызылжар ауданы Асанов ауылдық округінің Малое Белое ауылы;
Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжин ауылдық округінің Лебяжье ауылы;
Мағжан Жұмабаев ауданы Бәйтерек ауылдық округінің Новый быт ауылы;
Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округінің Алабота ауылы;
Тайынша ауданы Рощин ауылдық округінің Димитровка ауылы;
Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Ильич ауылы;
Тайынша ауданы Рощин ауылдық округінің Краматоровка ауылы;
Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы.
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) қосымшасының 24, 32, 33, 37, 38, 39, 40, 42 - тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
К. Аксакалов |