Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешіміне (2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6102 болып тіркелді) мына өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
В. Притчин |
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 2020 жылғы 28 мамыры № 43/7 шешіміне қосымша | |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін дәрілік заттар
№ | Дәрілік заттардың атауы | Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы | Аурулардың синонимдері және атаулары | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) | Халық санаты |
1. | Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2) | Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | |
2. | Тобрамицин | Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8) | Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
3. | Риоцигуат | Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0) | Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
4. | Ритуксимаб | Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары (М 31.3) | Вегенер гранулематозы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
5. | Инфликсимаб | Жұқпалы емес энтерит пен колит (К 51) | Ойық жаралы колит | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
6. | Эверолимус | Органдар мен тіндер ауыстырғаннан кейінгі күйлері (Z 94.0) | Трансплантацияланған бүйректің болуы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
7. | Алглюкозидаза альфа | Гликоген жиналу аурулары (E 74.0) | Помпе ауруы (2 типті гликогеноз) | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
8. | Кабозантиниб | Бүйрек қалқанынан басқа, бүйректің қатерлі ісіктері (С 64) | Бүйректің қатерлі ісіктері | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
9. | Экулизумаб | Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) (D 59.5) | Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
10. | Вигабатрин | Эпилепсия (G40) | Эпилепсия | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |