"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп таналсын:
"Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыда осал объектілер тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 21 қарашадағы № 460 (2017 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4414 болып тіркелді);
"Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 460 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 6 қарашадағы № 317 (2018 жылғы 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелді).
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратаның басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
К. Аксакалов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
полиция департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ М. Төлебаев
2020 жылғы "___"___________
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Каримуллин
2020 жылғы "___"____________