Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылындағы келесі көшелері:
"Мир" көшесі "Қанаш Қамзин" көшесі болып;
"Заводская" көшесі "Достық" көшесі болып;
"Сахалинская" көшесі "Шоқан Уәлиханов" көшесі болып;
"Рабочая" көшесі "Бірлік" көшесі болып;
"Степная" көшесі "Абай Құнанбаев" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алғабас ауылдық округінің әкімі | М. Валитов |