Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Жетекші ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Жетекші ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласының Жетекші ауылында келесі көшелері:
"Геологическая" көшесін - "Алаш Орда" көшесі;
"Мир" көшесін - "Қыз Жібек" көшесі;
"Молодежная" көшесін – "Орда" көшесі;
"Новоселов" көшесін - "Жалаулы" көшесі;
"Степная" көшесін – "Бәйтерек" көшесі;
"Строительная" көшесін - "Үркер" көшесі;
"Целинная" көшесін - "Найзатас" көшесі;
"Школьная" көшесін – "Мәшһүр Жүсіп" көшесі;
"Энтузиасттар" көшесін – "Жеті Жарғы" көшесі;
"Гагарин" көшесін – "Кенесары хан" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жетекші ауылының әкімі | Е. Курмантаев |