Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 03.05.2022 № 118/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру егізу туралы" № 235 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықтағы айналымы үшін оларды шығаруының келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттары:
мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жылы - 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі - төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органымен шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 22 ай;
сыйақының пайыздық мөлшерлемесі - жылына 4,25%;
қарызгердің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен негізгі қарызды өтеу айналым мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі;
2) көлемі - 6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден аспайды;
3) нысаналы мақсаты - төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. А. Арыноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |