"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 қаулысына (2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8974 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Г. Бекмухамедов |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 қаулысына қосымша |
|
| Әкімдіктің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік -аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қамысты ауданы Қамысты ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Айналайын" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 140 | 45729 |
3 жасқа дейін -8672 |
2 | Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 45 | 39980 |
3 жасқа дейін -6100 |
3 | Қамысты ауданы Алтынсарин ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 108 | 39475 |
3 жасқа дейін -7480 |