Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2023 № 76 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 71 шешіміне (2020 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
қазақ тілінде 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:
осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатпен қоса өтініш береді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) не заңды өкілдері мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатпен қоса өтініш береді.";
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және /немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы | К. Амантаева |
| Денисов аудандық мәслихаттының хатшысы міндетті атқарушы | С. Шерер |