"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Теменов |
| Әкімдіктің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 88 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
№ р/с | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 165 | 41887 |
үш жасқа дейін 6500 |
2 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 170 | 34689 |
үш жасқа дейін 6500 |
3 | Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылы | "Аманқарағай ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" Аманқарағай бөбекжай -бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 95 | 34689 |
үш жасқа дейін 6500 |
4 | Әулиекөл ауданы Құсмұрұн кенті | "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ромашка" бөбекжай– бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | 34689 |
үш жасқа дейін 6500 |
5 | Әулиекөл ауданы Құсмұрұн кенті | "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Құсмұрын балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны | 50 | 34689 |
үш жасқа дейін 6500 |
6 | Әулиекөл ауданы Құсмұрұн кенті | "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты мемелекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | 34689 |
үш жасқа дейін 6500 |
7 | Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылы | "Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемелекеттік мекемесінің "Новонежин "Балдәурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 34689 |
үш жасқа дейін 7500 |