"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ардагерлерге және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға санаторий-курорттық емделуді ұсыну түрінде әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара облыстық бюджетте көзделген сома шегінде белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы | В. Семейкин |
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |