"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңақорған ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 216 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6290 болып тіркелген, 2018 жылы 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХLVІІІ сессиясының төрағасы | Н. Колжанов |
| Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы | Е. Ильясов |