"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласының келесі көшелеріне:
1) атауы жоқ көшеге "Әби Бисенбаев" есімі;
2) атауы жоқ көшеге "Талекен Сырымов" есімі берілсін.
2. Арал қаласының "Космонавт" көшесі "Мақаш Балмағанбетов" есімімен қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арал ауданының әкімі | М. Уразбаев |
|
Арал аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Садуакасова |
|
Арал аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мадинов |