Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 40 "Қарақұдық ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6239 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 тамыздағы №3 және 20 желтоқсандағы № 4 қорытындылары негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкімі |
А. Изтилеуов |