БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10035 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарда:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) невротикалық, депресивті, стресске байланысты, соматофорлық, мінез-құлықтық бұзылулар және тұлғаның бұзылуы анықталған жағдайларда психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар), құтқарушының жұмысқа кәсіби жарамдылығы туралы мәселені дәрігерлік комиссия шешеді;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар) бойынша, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар)";
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Құтқарушыларды ауысым алдындағы медициналық куәландыру еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін, оның ішінде осы ауысымда психоактивті заттарды қолдануға байланысты жай-күйлер мен аурулардың белгілерін анықтау мақсатында жұмыс ауысымы басталар алдында (төтенше жағдайды жою барысында жұмыс ауысымы аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін) жүргізіледі".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі