ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:
12-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 қазаны № 988 бұйрығына қосымша |
|
| Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мәліметтер
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы мүшелерінің құрамы ____________________________
_________________________________________________________________________
(бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) көрсетіледі)
№ 1 кесте
Бухгалтердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН) | Бухгалтердің тегі | Бухгалтердің аты | Бухгалтердің әкесінің аты | Жұмыс орны (ұйымның атауы) | Лауазымы | Пошталық индексі | Ел/ облыс/аудан/елді мекен | Көшенің аты | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Кестенің жалғасы
Үй нөмірі | Пәтердің нөмірі | Телефон нөмірі | Электрондық мекенжайы | Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі | Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні | Жұмыс тәжірибесі (Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі) | Кәсіби ұйымға кірген күні | Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
№ 2 кесте
Бухгалтерлік ұйымның БСН | Бухгалтерлік ұйымның атауы | Пошталық индексі | Ел/ облыс/аудан/елді мекен | Көшенің аты | Үйдің нөмірі | Үйдің индексі | Пәтердің/кеңсенің нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Телефон нөмірі | Факс нөмірі | Кәсіби ұйымға кірген күні | Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі | Бухгалтерлік ұйым басшысының ЖСН | Бухгалтерлік ұйым басшысының аты | Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі | Бухгалтерлік ұйым басшысының әкесінің аты |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер
Бөлімшенің атауы | Бөлімше басшысының лауазымы | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Бөлімше басшысының тегі | Бөлімше басшысының аты | Бөлімше басшысының әкесінің аты (бар болса) | бөлімше басшысының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы
Иә | Жоқ |
1 | 2 |
Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымының басшысы ___________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)