БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16483 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Электрондық нысандағы жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу (оның электрондық нұсқасын енгізгенге дейін экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін осындай декларацияға беру жолымен жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрдегі экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналында көрсетілген декларацияның жоғарғы сол жақ бұрышына тіркеу нөмірін қоя отырып тіркейді.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 691 бұйрығына қосымша |
|
| Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларына қосымша |
|
| нысан |
Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналы
№ | Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры) | Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды | Тіркеу нөмірі | Декларант (кедендік тасымалдау шы) | Тауардың саны, дана | Жалпы салмағы (брутто), килограмм | Жалпы құны, теңге | Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |