Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 сәуірде № 20488 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 10.06.2025 № 84 (16.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 44-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 10.06.2025 № 84 (16.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 100 бұйрығымен
бекітілген

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 10.06.2025 № 84 (16.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидалары "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және спорттық іс-шараларға, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары (бұдан әрі – ұйым) үшін оқу-жаттығу жиындарына (бұдан әрі – спорттық іс-шаралар) бөлінетін ақша қаражатын жұмсау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау тәртібі

      2. Спорттық іс-шараларды қаржыландыру тиісті жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты (бұдан әрі – қаражат) есебінен жүзеге асырылады.

      3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарында өткізілетін спорттық іс-шараларға қатысу және спорттық іс-шараларды өткізу үшін ақша жұмсауға негіз болып табылады:

      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі, қаржылық күнтізбе және ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспары;

      2) спорттық іс-шараға қатысу туралы немесе спорттық іс-шараны өткізу туралы бұйрық және осы іс-шараға бекітілген шығыстар сметасы.

      4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық іс-шараларға қатысуға, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ақша жұмсауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасының тізімі бойынша жүзеге асырады, оның ішінде:

      спортшылардың тамақтануы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 107 бұйрық) бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесі негізінде айқындалады;

      медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету;

      № 107 бұйрыққа сәйкес фармакологиялық қамтамасыз ету;

      спорттық мүкәммал, спорттық жабдықтар және спорттық жарақтар сатып алу;

      тұрғын үй-жайларды жалдау, спорттық іс-шаралар өткізілетін жерге дейін және кері жол жүру, бастапқы (нысаналы) жарналарға ақы төлеу. Спорттық іс-шараны және оқу-жаттығу жиыны өткізу кезінде қатысушылардың нақты тұратын жері бойынша тұру және тамақтану үшін ақы төлеуге жол беріледі;

      барлық қатысушылардың жолда болған уақыты үшін тәуліктік ақы, сондай-ақ спортшылардан басқа, қатысушылардың спорттық іс-шараларында болған уақыты үшін тәуліктік ақы төлеу;

      жанар-жағар май сатып алу;

      спорттық іс-шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етуге байланысты спорт түрлері бойынша шығыстар;

      визалық қызметтерге, багажды тасымалдауға, трансфер құнына ақы төлеу, оларды төлеу туралы ұсынылған құжаттар негізінде рұқсат етіледі;

      полиграфиялық және кәдесый өнімдерін дайындау және сатып алу;

      марапаттау және жүлделерді табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 219 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15562 болып тіркелген) сәйкес;

      спорттық іс-шараларды өткізу орнын, музыкалық және жарық жабдықтарын, мүкәммалды және өзге де қосалқы құралдарды жалға алу;

      көлік, почта-телеграф, баспаханалық және ақпараттық шығыстар;

      спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған қызметкерлердің еңбегіне, тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші (оның ішінде медициналық) персоналдың қызметтеріне ақы төлеу;

      спорт жарыстарына қызмет көрсеткені үшін спорт төрешілерінің қызметтеріне ақы төлеу және тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың (оның ішінде медициналық) еңбегіне ақы төлеу, жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады;

      спорттық делегацияларды қабылдау және оларға қызмет көрсету, тұрғын үй-жайларды жалдау және ұйымдастырылған тамақтану;

      заңды және жеке тұлғалар ақылы негізде көрсететін қызметтерді қоса алғанда, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу орындарын дайындауға және ағымдағы ұстауға байланысты қызметтерге ақы төлеу;

      спорттық іс-шараны өткізу үшін қажетті спорт түрінің немесе спорттық іс-шараның ерекшелігін ескере отырып, спорттық іс-шараларды өткізу үшін материалдық қорларды сатып алу;

      спорттық іс-шараларға қатысу бойынша бастапқы және ұйымдастырушылық жарналарды төлеуге, іссапарға жіберілетін тарап не спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылатын бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбелерде спорттық іс-шараларды тіркеуге байланысты шығыстар;

      спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын, спорттық іс-шараларға қатысу үшін спорттық іс-шараларға қатысушыларды және спорттық жарыстарға қызмет көрсету үшін қажетті мамандарды іссапарға жіберу;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар еріп жүретін спортшының тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшылармен оқу-жаттығу жиындарына, спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға шығу кезінде жол жүруге, тәуліктік ақыға, тұруға, багажға арналған шығыстарын және қажет болған жағдайда осы Қағидаларда көзделген өзге де шығыстарды өтеу.

      5. Спорттық іс-шараларға қатысуға және спорттық іс-шараларды өткізуге байланысты барлық шығыстар спорттық іс-шараларға қатысушылардың карт-шоттарына ақша аудару (іссапар шығыстары) не тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушілердің не спорттық мүкәммалды (жабдықты) жалдауға материалдық жауапты тұлғаның есеп айырысу шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Командада кәмелетке толмаған спортшылар мен мүгедектігі бар спортшылар (тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған және интеллектуалдық дамуы бұзылған) бар болған жағдайда ақша мүгедектігі бар спортшы және кәмелетке толмаған спортшының заңды өкілінен нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде, жіберуші тарап пен команда жаттықтырушысы арасындағы жасалған шартқа сәйкес материалдық-жауапты тұлғаға аударылады.

      6. Спорттық іс-шараларға қатысатын немесе спорттық іс-шараны өткізетін ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес спорттық іс-шараларға бөлінетін ақша пайдалану туралы есеп жасайды.


Об утверждении Правил расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 100. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 апреля 2020 года № 20488.

      Сноска. Заголовок приказа – в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 10.06.2025 № 84 (вводится в действие с 16.06.2025).

      В соответствии с подпунктом 44-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 01.12.2022 № 346 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 10.06.2025 № 84 (вводится в действие с 16.06.2025).

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим приказом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

  Утверждены приказом
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 24 апреля 2020 года № 100

Правила расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов

      Сноска. Правила – в редакции приказа и.о. Министра туризма и спорта РК от 10.06.2025 № 84 (вводится в действие с 16.06.2025).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов, разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы (далее – спортивные мероприятия) для физкультурно-спортивных организаций (далее – организация), финансируемых из республиканского и местного бюджетов.

Глава 2. Порядок расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов

      2. Финансирование спортивных мероприятий осуществляется за счет средств республиканского и местного бюджетов на соответствующие годы (далее – средства).

      3. Основанием расходования денег для участия в спортивных мероприятиях и проведения спортивного мероприятия, которые проводятся на физкультурно-оздоровительных и спортивных сооружениях являются:

      1) календарь спортивно-массовых мероприятий, финансовый календарь и план финансирования организации на текущий финансовый год;

      2) приказ об участии в спортивном мероприятии или о проведении спортивного мероприятия и утвержденная смета расходов к данному мероприятию.

      4. Физкультурно-спортивные организации осуществляют расходование денег на участие в спортивных мероприятияx, организацию и проведение спортивных мероприятий по Перечню видов соревнований, учебно-тренировочных сборов и их классификаций, утвержденного приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 179 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11437), в том числе:

      питание спортсменов определяются на основании Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий, утвержденной приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 107 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10005) (далее – Приказ № 107);

      медицинское обеспечение и оказание медицинской помощи;

      фармакологическое обеспечение согласно Приказа № 107;

      приобретение спортивного инвентаря, спортивного оборудования и спортивной экипировки;

      найм жилых помещений, проезд до места проведения спортивных мероприятий и обратно, оплата стартовых (целевых) взносов. При проведении спортивного мероприятия и учебно-тренировочного сбора по месту фактического проживания участников допускается оплата за проживание и питание;

      суточные за время нахождения в пути всех участников, а также оплата суточных за время нахождения на спортивных мероприятиях участников, кроме спортсменов;

      приобретение горюче-смазочных материалов;

      расходы по видам спорта, связанные с материальным обеспечением участников спортивных мероприятий;

      оплату визовых услуг, стоимости перевозки багажа, трансфера допускается на основании представленных документов об их оплате;

      изготовление и приобретение полиграфической и сувенирной продукции;

      церемония награждения и вручение призов согласно приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 июля 2017 года № 219 "Об утверждении размера стоимости призов для чемпионов и призеров спортивных соревнований, проводимых уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и местными исполнительными органами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15562);

      аренда места проведения спортивных мероприятий, музыкального и светового оборудования, инвентаря и иных вспомогательных средств;

      транспортные, почтово-телеграфные, типографские и информационные расходы;

      оплата труда работников, привлеченных к организации и проведению спортивных мероприятий, услуг привлеченных специалистов и обслуживающего персонала (в том числе медицинского);

      оплата услуг спортивных судей за обслуживание спортивных соревнований и оплата труда привлеченных специалистов и обслуживающего персонала (в том числе медицинского) осуществляется на основании заключенных договоров;

      обслуживание и прием спортивных делегаций, найм жилых помещений и организованное питание;

      оплата услуг, связанных с подготовкой и текущим содержанием мест проведения, организацией спортивных мероприятий, включая услуги, оказываемые на возмездной основе юридическими и физическими лицами;

      приобретение материальных запасов для проведения спортивных мероприятий, исходя из специфики вида спорта или спортивного мероприятия, необходимых для его проведения;

      расходы, связанные с оплатой стартовых и организационных взносов по участию в спортивных мероприятиях, регистрацией спортивных мероприятий в единых республиканских и региональных календарях, которые осуществляются безналичным перечислением направляющей стороной либо аккредитованными спортивными федерациями по видам спорта;

      командирование национальных команд Республики Казахстан по видам спорта, участников спортивных мероприятий для участия в спортивных мероприятиях, и специалистов необходимых для обслуживания спортивного соревнования;

      возмещение расходов сопровождающего спортсмена с инвалидностью первой группы на проезд, суточные, проживание, багаж и при необходимости иные расходы, предусмотренные настоящими Правилами при выезде на учебно-тренировочные сборы, спортивные мероприятия и международные спортивные соревнования со спортсменом с инвалидностью первой группы, имеющих поражение опорно-двигательного аппарата, нарушение органов зрения, нарушение интеллектуального развития.

      5. Все расходы, связанные с участием в спортивных мероприятиях и проведением спортивного мероприятия, осуществляются безналичным перечислением на карт-счета участников спортивных мероприятий (командировочные расходы), либо безналичным перечислением на расчетные счета поставщикам товаров (работ, услуг), либо материально-ответственному лицу за аренду спортивного инвентаря (оборудования).

      При присутствии в команде несовершеннолетних спортсменов и спортсменов с инвалидностью (с поражением опорно-двигательного аппарата, с нарушением органов зрения и с нарушением интеллектуального развития) перечисление денег осуществляется материально-ответственному лицу согласно заключенного договора между направляющей стороной и тренером команды на основании нотариально засвидетельствованной доверенности от спортсмена с инвалидностью и законного представителя несовершеннолетнего спортсмена.

      6. Организации, принимающие участие в спортивных мероприятиях или проводящие спортивное мероприятие, по завершению мероприятия формируют отчет об использовании денег, выделяемых на спортивные мероприятия, согласно действующего законодательства.