Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына қосымша |
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес әзірленді және "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
3) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
4) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
5) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
6) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
7) әкімшілік іс – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар;
8) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
10) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын тізбе;
11) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу (бұдан әрі – аккредиттеу) – уәкілетті органның құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың өкілеттіктерін ресми түрде тану рәсімі;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы;
13) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 № 819 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Аккредиттеу жүргізу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы қызмет көрсетушіге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде аккредиттеу алу туралы өтінішті жібереді.
Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының өткізілетін күніне дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы ақпарат қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын орналастырылады;
2) Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер нысанын ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – аккредиттеу жөніндегі комиссия) қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы мен ережесін көрсетілетін қызметті берушімен бекітеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметті корсетуге негізгі талаптар тізбесі) келтірілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) мемлекеттік көрсетілетін қызметті корсетуге негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігі қаралғаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесінің 8-тармағына сәйкес, қызмет көрсетушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қарауына жібереді.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі.Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау мерзімі аяқталғаннан кейін қызмет көрсетуші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге қол қояды.
Оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес үш жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмауы;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу;
4) ұйымның "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші ұйымның Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйым Заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жыл ішінде алуға құқылы емес.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 725 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті алушының басшысының атына беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
15-1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 15.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуден өту үшін ұсынылатын өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібінде аккредиттеуді сұраймын:
__________________________________________________________________
(құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымының толық атауы)
мекенжайы: _______________________________________________________
(ұйымның орналасқан жері)
тіркеу нөмірі: ______________________________________________________
(заңды тұлғаның тіркеу нөмірі)
БСН: _____________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бар болған жағдайда)
ұжымдық басқарудың мынадай саласы бойынша: ________________________
("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, Заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
| "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Аккредитация организаций по коллективному управлению правами"
1 | Қызмет көрсетушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (жартылай автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап. |
6 |
| Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші- дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда 08.00-ден 17.30-ға дейін,түскі үзіліс – 12.00-ден 13.30-ға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
| "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына | |
| 3-қосымша |
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруға
қолданыстағы шарттардың саны __________________________________________;
2. Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін пайдаланушылармен
қолданыстағы шарттардың саны __________________________________________;
3. Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы қызметті жүсеге асыру (жыл саны)
______________________________________________________________________;
4. Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстанның өңірлерінде
осындай ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________;
5. Интернет-ресурсының болуы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________;
6. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы құқықтарды ұжымдық
басқаратын ұйымның соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________.
| "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына | |
| 4-қосымша |

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 20___ жылғы "___"__________ № ____ Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы КУӘЛІГІ
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.01.2026 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________________________________________________________
(Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың толық атауы) келесі сала
бойынша
аккредиттелген _________________________________________________________
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
43-бабының 3-тармағы заңды мекенжайы:
_____________________________________________ (ұйымның заңды мекенжайы)
БСН _________________________________________ (бар болған жағдайда)
Аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге берілді. " " __________ 20__ жылға
дейін жарамды.
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың аккредиттеу туралы куәлігі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып
алынуы мүмкін.




