Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 15.06.2020 № 55/11-06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 13/4-06 "Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4082 тіркелген, 2017 жылғы 19 мамырда "Шамшырақ" газетінде және 2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,018 |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,73 |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,99 |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,06 |
";
реттік нөмірі 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,98 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | - |
";
реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.".
2. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiмнің орындалуын бақылау Түлкібас аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | Қ. Ахметов |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сейсенбаев |