Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 21.07.2021 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 8 шешіміне (2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"сайлау учаскесінің орналасқан жері: Трудовое ауылы, "У.М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Трудовое ауылы, Григорьевка ауылы, Көктерек ауылы" .
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі |
Р. Елубаев |