Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бәйет ауылдық округі Атығай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бәйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі Атығай ауылының келесі көшелері:
"Первая" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне;
"Вторая" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;
"Третья" көшесі "Атамекен" көшесіне;
"Пятая" көшесі "Иса Байзақов" көшесіне;
"Шестая" көшесі "Ахмет Байтұрсынов" көшесіне;
"Седьмая" көшесі "Сарыарқа" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бәйет ауылдық округінің әкімі | Д. Амантай |