"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 01-20/155 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы "БорщҰв Николай Михайлович" жеке кәсіпкері аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8538 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Ж. Серкенов |