“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы “21” қаңтардағы № 6 қаулысына 1-қосымша |
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | “Cыр Арна” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 1 | 1 |
2 | “Ер-Әлі” шаруа қожалығы | 35 | 1 | 1 |
3 | “Бірлік А” шаруа қожалығы | 20 | 1 | 1 |
4 | “Есжанов” шаруа қожалығы | 10 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 80 | 4 |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы “21” қаңтардағы № 6 қаулысына 2-қосымша |
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | “Мақпалкөл” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 84 | 1 | 1 |
2 | “Талап” шаруа қожалығы | 8 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 92 | 2 |