Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 50-бабының 2-тармағына Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы"Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтардағы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 8), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті орган – "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қазалы аудандық бөлімі";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмек алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың XХХV сессиясының төрағасы |
Қ.Мәмбетжан |
| Аудандық мәслихат хатшысы | К.Назымбеков |