Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 159 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4666 болып тіркелген, "Толқын" газетінде 2014 жылы 21 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясының төрағасы, Арал аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мадинов |
| Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы "4" мамырдағы №251 шешіміне 1- қосымша |
Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,65 |
2 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,70 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,36 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақбанктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,89 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0002 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,29 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,29 |
9 | Театр, кинотеатр, концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,18 |
10 | Музейлер | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,03 |
11 | Стадион, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,07 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,47 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,30 |
15 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,09 |
16 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,05 |
17 | Вокзал, автовокзал | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,23 |
18 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,25 |
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,67 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,34 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,17 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,13 |
23 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,43 |
24 | Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы да басқалар) | 1 жұмыс орны | 2,33 |
25 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,11 |
| Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы "4" мамырдағы №251 шешіміне 2-қосымша |
Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік |
Бағасы ( ҚҚС қоса есептегенде) |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі | ||
1.1. | үй иелігіне | айына 1 тұрғынға | 100 |
1 контейнерге (0,6 м3) | 1 108 | ||
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі | ||
2.1. | тұрғындарға | 1 текше метр | 1 846 |
2.2. | шаруашылық субъектілеріне | 1 текше метр | 2 018 |
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі | ||
3.1. | тұрғындарға | 1 текше метр | 318 |
1 тонна | 1 589 | ||
3.2. | шаруашылық субъектілеріне | 1 текше метр | 490 |
1 тонна | 2 449 | ||
Ескерту: ҚҚС-қосымша құн салығы