Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданының әкімі | К. Максутов |
| Қарқаралы ауданы әкімдігінің | |
| 2019 жылғы "____" ____________ | |
| № ____қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Қарқаралы қаласының мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 82 | 2 | 2 |
2 | "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" Республикалық мемлекеттік мекемесі | 121 | 3 | 4 |