Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 18.10.2023 № 52/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабы, 2 тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/2 "Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтың жүйесінде, 2016 жылғы 13 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Аймаков |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 7/01 қаулысына қосымша |
Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағалары
№ | Қосымша білім беру ұйымының атауы | Ақылы көрсетілетін білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімшелер, курстар) | 1 үйірме үшін айына қосымша білім беру ұйымына ата-аналар төлемінің көлемі |
1 | "Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің балалар музыкалық мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 1. Домбыра, баян-аккордеон, скрипка, хор, сыбызғы, эстрадалық өлең айту, "Алақай" ерте жастан музыкалық дамыту тобы | 2200 теңге |
2. Фортепиано | 2500 теңге | ||
2 | "Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының білім бөлімінің Әубәкір Ысмайлов атындағы балалар көркемсурет мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 1. Көркем-эстетикалық курстар (Шахтинск қаласы) | 2200 теңге |
2. Көркем-эстетикалық курстар (Шахан кенті) | 1900 теңге |