Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-7-193 болып тіркелген, 2019 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі жоғарыда көрсетілген қаулының атауында:
"рабочихмест" сөздері бөлініп жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласында:
кодекстің "қылмыстық – атқару кодексі" және "уголовно – исполнительного кодекса" тақырыптары бас әріптермен жазылсын;
мемлекеттік тілдегі жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласында:
"Қобдаауданының" сөздері бөлініп жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
орыс тіліндегі жоғарыда көрсетілген қаулының 2 тармағында:
"Отдел занятости и социальных программ Кобдинского района" сөздері "Кобдинский районный отдел занятости и социальных программ" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;.
3) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М. Шермағанбет |