Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №4 қорытындысы негізінде, аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағаш ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағаш ауылдық округінің Нұрбұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге схемалық картаға сәйкес, "Болашақ" атауы берілсін.
2. "Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Алға ауданы Қарағаш ауылдық округінің әкімі |
Н. Таженов |

