Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысушылар санынан адамдарға;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;
барлық санаттағы мүгедектерге;
онкологиялық аурумен ауыратындарға;
туберкулез ауруларына;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
мекенжай әлеуметтік жәрдемақы алушылар санынан аз қамтылған азаматтарға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға;
18 жасқа де йінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;
аз қамтылған отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.";
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне:
Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысушылар санынан адамдарға;
2) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;
3) Қарттар күніне:
ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;
4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне:
барлық санаттағы мүгедектерге;
5) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ішкі аудандық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда 100% мөлшерінде, ішкі аудандық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүруге шығындарды өтеу үшін.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Закусилов |
|
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Сандықтау ауданының әкімі |
А.Үйсімбаев |