Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 24.07.2026 № 825 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 22-тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 24.07.2026 № 825 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1048 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 24.07.2026 № 825 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасыныңазаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін айқындайды.
2. Әскери қызметте тұрмайтын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасыныңазаматтары жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
3. Қазақстан Республикасыныңазаматы өтінішпен біргеҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) 21-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
4. Қазақстан Республикасыныңазаматтарын келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеуге жауапты әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшесі өтінішті алған кезде үш жұмыс күні ішінде қоса берілетін құжаттардың толықтығы мен түпнұсқалығын тексереді және ұсынылатын құжаттар Әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда өтініші тіркелген және қарауға қабылданған және осы уақыттан бастап келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылатын Қазақстан Республикасыныңазаматына кемшіліктерді жою үшін бес жұмыс күн уақыт бере отырып, оларды толықтыру қажеттілігін көрсетеді.
5. Бес жұмыс күні ішінде қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда немесе кандидат "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде оған шағым беру құқығы түсіндіріліп, негізделген және дәлелді жазбаша жауаппен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
6. Құжаттарды зерделеу қорытындысы бойынша, бірақ кандидаттың өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы кандидаттың материалдарын одан әрі қарау үшін іріктеу комиссиясына жібереді.
Өтініш
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне
келісімшарт бойынша ___________ жыл мерзімге әскери қызметке кіру және
________________________________________________________________________________
(лауазым атауы, әскери бөлім (мемлекеттік мекеме)
бос әскери лауазымына тағайындау үшін менің құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызметке
кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым және
оларды орындауға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке
қоса ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Қосымша: ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________
қолы, күні