Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 № 116-НҚ (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңы 4-бабының 3-5) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы 12-бабының 1-тармағының 1-1) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 № 116-НҚ (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10259 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығымен бекітілген |
Тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 № 116-НҚ (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар | |
"тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болуын | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының атауы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
биржалық мәмілелерді жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының электрондық сауда жүйесі туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және арнайы бөлімдер (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтың нәтижелері; биржалық тауарлардың баға белгіленімі; уәкілетті органға ұсынылатын) және тауар биржасының мемлекеттік және орыс тілдерінде (мәтіндік, графикалық, дыбыс-бейне немесе өзге де түрде) ақпарат орналастыруын қамтамасыз ететін есептік ақпарат | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурс туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тауар биржасының клирингтік орталығымен жасалған шарт | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес клирингтік орталық туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
кемінде екі миллиард теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың болуы, бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшамен енгізілуі тиіс | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының жарғылық капиталы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
білім беру деңгейіне сәйкес келетін тауар биржасы қызметкерлерінің білікті құрамының болуын қамтиды (бірінші басшы үшін - жоғары білім, басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлер үшін - жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін - биржалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл) және экономикалық қызмет және сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін) |
осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
тауар биржасы бекіткен (қабылдаған), тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, көрсетілетін қызметтерді көрсетуді, оларға ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін ішкі құжаттары | осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес тауар биржасының бекітілген ішкі құжаттары туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
брокер қызметкерлерінің білім беру деңгейіне сәйкес келетін білікті құрамының болуын қамтиды (бірінші басшы үшін - жоғары білім, басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлер үшін - жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін - биржалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл) және экономикалық қызмет және сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін) |
осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес брокердің бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
брокердің брокерлік қызметтер көрсету шарттарын және тауар биржасындағы брокер қызметінің тәртібін, брокердің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, көрсетілетін қызметтерді көрсетуді, оларға ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды реттейтін ішкі құжаттары | осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес брокердің бекітілген ішкі құжаттары туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және "Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) | осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес клиринг орталығының аппараттық-бағдарламалық кешені туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
клиринг орталығы қызметкерлерінің білім беру деңгейіне сәйкес келетін білікті құрамы (бірінші басшы үшін - жоғары білім, басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлер үшін - жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін - биржалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл) және экономикалық қызмет және сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін) |
осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес клиринг орталығының бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес клирингтік қызмет көрсету шарттарын, тауар биржасындағы клирингтік орталық қызметінің тәртібін, клирингтік орталықтың, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, көрсетілетін қызметтерді көрсетуді, оларға ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны реттейтін клирингтік орталықтың ішкі құжаттарын | осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес клиринг орталығының бекітілген ішкі құжаттары туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істейтін клиринг орталықтың жеке интернет-ресурсы | осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес интернет-ресурс туралы шынайы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
екінші деңгейдегі банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша биржалық сауда-саттықты өткізу және (немесе) есеп айырысуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі туралы шарт | осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартта анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
| Тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымша |
Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Тауар биржасының фирмалық атауының болуы:
заңды тұлғаның толық атауы ___________________.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы расталады:
қабылдау-тапсыру актісімен (қабылдау-тапсыру актісі көшірмесін қоса бере отырып);
пайдалануға беру туралы актімен (пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
негізгі құралдардан үзінді көшірмені (үзінді көшірменің көшірмесін қоса бере отырып);
техникалық тапсырмамен (техникалық тапсырманы қоса бере отырып).
3. Меншікті интернет-ресурсының болуы (интернет-ресурсқа меншік құқығын куәландыратын растайтын құжаттармен қоса):
бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы_________________________;
арнайы бөлімдердің болуы:
тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі ________________________;
биржалық сауда-саттық нәтижелері _________________________________________;
биржалық тауарлардың баға белгіленімі _______________________________________;
4. Тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тауар биржасының клирингтік орталығымен шарттың болуы:
клиринг ұйымының атауы _________________________________;
клиринг ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________;
клиринг ұйымын тіркеу күні ________________________________;
тауар биржасының клиринг орталығының қызметтерін пайдалану туралы шарт ______;
5. Тауар биржасының жарғылық капиталының болуы қоса беріліп отырған тауар биржасының банктік шотынан үзінді көшірмемен және жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлікті бағалаумен расталады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 03.10.2025 № 286-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тауар биржасы қызметкерлерінің білікті құрамының болуы:
1) бірінші басшыда:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып);
құрылтайшылардың тағайындау туралы шешімі (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) (шешімнің көшірмесін қоса бере отырып) _______________________________________;
атқаратын лауазымы ________________________________.
жоғары білімінің болуы:
жоғары оқу орнының атауы __________________;
мамандық атауы _______________________;
біліктілік атауы ____________________________;
диплом нөмірі ___________________________________;
диплом берілген күн _______________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі ("Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) __________________________________.
тауар биржалары саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында жұмыс өтілінің болуы (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып);
жалпы жұмыс өтілі ________________________________________;
жұмыс орны _________________________________________________;
жұмыс кезеңі _______________________________________;
лицензияның нөмірі және қолданылу кезеңі (қаржы қызметі және (немесе) тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _________________________________;
атқаратын лауазымдары __________________________________;
2) басшы лауазымдарды атқармайтын тауар биржасының қызметкерлерінде,
штаттық кестеге сәйкес:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________________;
атқаратын лауазымы __________________________________.
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білімнің болуы:
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі оқу орнының атауы ______________;
мамандықтың атауы __________________________________;
біліктілік атауы _____________________________;
дипломның нөмірі (дипломның көшірмесімен қоса) __________________;
диплом берілген күні ____________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәлікті беру күні мен нөмірі ("Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін") ___________________________.
7. Тауар биржасының бекітілген (қабылданған) ішкі құжаттарының болуы, тізбесі:
1) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімнің нысаны мен мазмұны:
бекітілген нөмірі мен күні (өтінім нысанының көшірмесін қоса бере отырып) ____________;
2) тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламенті және төрешілер тізілімі:
бекітілген нөмірі мен күні __________________________________;
3) биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы үлгілік шарттың нысаны:
бекітілген нөмірі мен күні ___________________________________;
4) тауар биржасы көрсететін қызметтер үшін тарифтер:
бекітілген нөмірі мен күні ______________________________________;
5) биржалық тауарлардың кодтарын беру тәртібі;
бекітілген нөмірі мен күні _____________________________________;
6) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламалары:
бекітілген нөмірі мен күні (қағидалардың көшірмесін қоса бере отырып) ___________________;
7) тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптар:
бекітілген нөмірі мен күні (талаптардың көшірмесін қоса бере отырып) _______________.
________________________________________
| Тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымша |
Брокерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Брокер қызметкерлерінің білікті құрамының болуы:
1) бірінші басшыда:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып);
құрылтайшылардың тағайындау туралы шешімі (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) (шешімнің көшірмесін қоса бере отырып) _______________________________________;
атқаратын лауазымы ________________________________.
жоғары білімнің болуы:
жоғары оқу орнының атауы __________________;
мамандықтың атауы _______________________;
біліктілік атауы ____________________________;
диплом нөмірі ___________________________________;
диплом берілген күні _______________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәлікті беру күні мен нөмірі ("Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін") _________________________________ _ .
тауар биржалары саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында жұмыс өтілінің болуы (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып);
жалпы жұмыс өтілі ________________________________________;
жұмыс орны _________________________________________________;
жұмыс кезеңі _______________________________________;
лицензияның нөмірі және қолданылу кезеңі (қаржы қызметі және (немесе) тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _________________________________;
атқаратын лауазымдары __________________________________;
2) брокердің басшы лауазымдарды атқармайтын қызметкерлерінде,
штаттық кестеге сәйкес:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________________;
атқаратын лауазымы __________________________________.
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білімнің болуы:
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі оқу орнының атауы ______________;
мамандықтың атауы __________________________________;
біліктілік атауы _____________________________;
дипломның нөмірі (дипломның көшірмесімен қоса) __________________;
диплом берілген күні ____________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәлікті беру күні мен нөмірі ("Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін") ___________________________.
2. Брокердің бекітілген (қабылданған) ішкі құжаттарының болуы, тізбесі:
1) брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың нысаны мен мазмұны:
бекітілген нөмірі мен күні (өтінім нысанының көшірмесін қоса бере отырып) ____________;
2) көрсетілетін қызметтер үшін тарифтер:
бекітілген нөмірі мен күні ______________________________________;
3) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарт;
бекітілген нөмірі мен күні _____________________________________;
4) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламалары:
бекітілген нөмірі мен күні (Қағидалардың көшірмесін қоса бере отырып) ___________________.
_____________________________________
| Тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 3-қосымша |
Тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) белгіленген клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы, расталды:
қабылдау-тапсыру туралы актімен (қабылдау-тапсыру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
пайдалануға беру туралы актімен (пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
негізгі құралдардан үзінді көшірме (үзінді көшірменің көшірмесімен бірге);
техникалық тапсырмамен (техникалық тапсырманы қоса бере отырып).
2. Тауар биржасының клирингтік орталығы қызметкерлерінің білікті құрамының болуы:
1) бірінші басшыда:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып);
құрылтайшылардың тағайындау туралы шешімі (қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) (шешімнің көшірмесін қоса бере отырып) _______________________________________;
атқаратын лауазымы ________________________________.
жоғары білімнің болуы:
жоғары оқу орнының атауы __________________;
мамандықтың атауы _______________________;
біліктілік атауы ____________________________;
диплом нөмірі ___________________________________;
диплом берілген күні _______________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәлікті беру күні мен нөмірі ("Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін") ________________________.
тауар биржалары саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында жұмыс өтілінің болуы (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып);
жалпы жұмыс өтілі ________________________________________;
жұмыс орны _________________________________________________;
жұмыс кезеңі _______________________________________;
лицензияның нөмірі және қолданылу кезеңі (қаржы қызметі және (немесе) тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _________________________________;
атқаратын лауазымдары __________________________________;
2) басшы лауазымдарды атқармайтын тауар биржасының клирингтік орталығының қызметкерлерінде,
штаттық кестеге сәйкес:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні __________________________;
атқаратын лауазымы __________________________________.
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білімнің болуы:
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі оқу орнының атауы ______________;
мамандықтың атауы __________________________________;
біліктілік атауы _____________________________;
дипломның нөмірі (дипломның көшірмесімен қоса) __________________;
диплом берілген күні ____________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәлікті беру күні мен нөмірі ("Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін") ___________________________.
2. Тауар биржасының клирингтік орталығының бекітілген (қабылданған) ішкі құжаттарының болуы, тізбесі:
1) клирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың нысаны мен мазмұны:
бекітілген нөмірі мен күні (өтінім нысанының көшірмесін қоса бере отырып) ____________;
2) көрсетілетін қызметтер үшін тарифтер:
бекітілген нөмірі мен күні ______________________________________;
4) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламалары:
бекітілген нөмірі мен күні (Қағидалардың көшірмесін қоса бере отырып) ___________________.
3. Өзінің интернет-ресурсының болуы (интернет-ресурсқа меншік құқығын куәландыратын растайтын құжаттарды қоса бере отырып):
бірегей желілік мекенжай және (немесе) домендік атау _____________________;
4. Биржалық сауда-саттықты өткізу және (немесе) екінші деңгейдегі банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі туралы шарттың болуы есеп айырысу ұйымымен жасалған шартпен (клирингтік қызмет көрсету туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып) расталады.
есеп айырысу ұйымының атауы ______________________________;
есеп айырысу ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________;
_____________________________________