РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің 505-бабына, 509 - бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып, Үржар селосы белгіленсін.
3. Үржар аудандық мәслихатының :
1) 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-132 нөмірімен тіркелген, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2011 жылдың 10 қазанында жарияланған);
2) 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-252/V "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы № 31-338-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3354 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 3 маусымында, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 05 маусымында жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Н. Жакиянова |
| Үржар аудандық | |
| мәслихаттың хатшысы | К. Карашев |
| Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-262/VI шешіміне № 1 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Рет № | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттар |
1 | Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар | 1 санат |
2 | Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың ішіне салынған автотұрақтар | 2 санат |
3 | Ғимараттардың үй астындағы жерасты, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар | 3 санат |
| Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-262/VI шешіміне № 2 қосымша |
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Рет № | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Салық Кодексімен белгіленген базалық салық ставкалары | Белгіленген базалық салық ставкалар |
1 | 1 санат | 0,48 | 10 (он) |
2 | 2 санат | 0,48 | 9 (тоғыз) |
3 | 3 санат | 0,48 | 8 (сегіз) |