РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, "Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасау туралы" бірлескен Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 10/89-VI шешімі және Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 144 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Жамбыл ауылдық округінің Маралды ауылы;
Ново-Поляковка ауылдық округінің Ульяновка ауылы.
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Жамбыл ауылдық округінің Маралды қонысының шекаралары өзгертіле отырып, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына;
Ново-Поляковка ауылдық округінің Ульяновка қонысының шекаралары өзгертіле отырып, Ново-Поляковка ауылдық округінің Қаражал ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Сессия төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы | В. Головатюк |
| Облыс әкімі | Д. Ахметов |