Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 13.04.2020 № 1 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Петропавл қаласы аумағында қызметтін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Петропавл қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 1 шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-154 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Қызылжар нұры", "Проспект СК" газеттерінде жарияланған);
2) "Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" Петропавл қалалық мәслихаты IV шақыру 2009 жылғы 27 сәуірдегі XV сессиясының № 1 шешіміне өзгеріс енгізу" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 16 шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-169 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы "Қызылжар нұры", "Проспект СК" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
О.Завьялов |
| Петропавл қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Бердағұлов |
| Петропавл қалалық мәслихат 21 сессиясының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешіміне қосымша |
Петропавл қаласы аумағында қызметтін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ р/р | Салық салу объектісінің атауы | Айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2,5 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 6,4 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2,2 |
4. | Ойын жолы | 33,2 |
5. | Карт | 2,4 |
6. | Бильярд үстелі | 9,5 |
7. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 20 |