Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережені бекіту туралы" № 144/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4558 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары А. Ә. Балғабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |