Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қарақұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 тамыздағы "Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің Ынтымақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қыркүйектегі аудандық "Ертіс Нұры", "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарақұдық ауылдық округі | |
| әкімінің міндетін атқарушысы | Г. Қуантаева |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасы Ауыл | |
| шаруашылығы министрлігі | |
| Ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау комитетінің Ертіс | |
| аудандық аумақтық | |
| инспекциясының басшысы | Е. Каримжанов |
| 2018 жылғы "22" ақпан |