"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Аққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылындағы "Аққорған" көшесі "Әсен Құлымбетов" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аққорған ауылдық округінің әкімі | С. Садыков |