Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Приозерск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Г. Мондыбаева |
| Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сәрсембеков |
| Приозерск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 22/228 шешіміне қосымша |
Приозерск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын нысандар | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,78 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,25 |
3 | Жатақханалар | 1 орын | 0,89 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,44 |
5 | Балабақшалар | 1 орын | 0,57 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi | 1 қызметкер | 1,06 |
7 | Емханалар | 1 бару | 0,0086 |
8 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,09 |
9 | Мектептер | 1 оқушы | 0,76 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 отырғызу орыны | 1,45 |
11 | Кинотеатрлар, концерт залдары | 1 отырғызу орны | 0,25 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,24 |
13 | Азық-түлік дүкендері | сауда ауданның 1 шаршы метрі | 1,73 |
14 | Өнеркәсіптік тауарлық дүкендер | сауда ауданның 1 шаршы метрі | 0,32 |
15 | Супермаркеттер | сауда ауданның 1 шаршы метрі | 1,1 |
16 | Базарлар | сауда ауданның 1 шаршы метрі | 0,65 |
17 | Жағажайлар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,12 |
18 | Дәріханалар | сауда ауданның 1 шаршы метрі | 0,84 |
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанар май құю станциялары, гараждар | 1 машина-орны | 2,41 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмыскер | 2,12 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,15 |
22 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,62 |
23 | Аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 1,31 |
24 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары | 1 жұмыс орны | 1,31 |
25 | Моншалар, сауналар | жалпы ауданның 1 шаршы метр | 1,22 |
26 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,0091 |