Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 19.12.2018 № 4 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мартбек Мамыраев ауылдық округі Жаңанегіз елді мекенінде ірі қара малы арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімі | К. Жантурин |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы |
| министрлігі ветеринариялық бақылау және |
| қадағалау комитететінің Қарқаралы аудандық |
| аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің |
| басшысы |
| Т.Ж. Көпжасаров |
2018 жыл 04 қыркүйек